Хаттама №3 » Үшарал орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
июнь
2019

Хаттама №3

«Үшарал орта мектебі бектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мекемесінде өткізілген қамқоршылық кеңес отырысының
№3 ХАТТАМАСЫ
Өткізілген күні:22.05.2019жыл
Қатысқандар:14
Барлығы:14
Күн тәртібі:
1.Мектеп директорының 2018-2019 оқу жылда атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.
Буканов.Қ.А.
«Үшарал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекеменде 95 мұғалім қызмет атқаруда.1-деңгейлі мұғалім:2, 2-деңгейлі мұғалім:1-деңгейлі мұғалім:3. Мемлекеттік аттестаттаудан өтуге 22 мұғалім өтініш білдірді.Олардың 3 сапапшы педагог, ал 19 педагог модаратор.
«Үшарал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекеменде 840 оқушы бар, оның 206 үздік, 306 жақсы деген бағамен бітірді. Мектеп бойынша білімсапасы 61,0, үлгерімі 100 пайыз.
Пән олимпиада есебі.Аудандық Абай оқуларынан, Орбұлақ оқуларынан 9 сынып оқушысы Жолдыбай Алтай бас жүлдені иеленіп облыстан алғыс хатпен марапатталды.Аудандық Әбіш Кекілбаев оқуларынан Жолыбай Алтай Бас жүлде, Жаңабай Гүлмарал Әбіш Кекілбаевтің шығармасының желісі бойынша сурет салудан бас жүлде иеленіп, облыстық байқауға жолдама алып,облыстан Алғыс хатпен марапатталды.Аудандық Мұқағали оқуларында 5а сынып оқушысы Нұрғли Бауыржан 3 орын, Адандық Ілияс оқуларынан Нұрланқызы Аяжан 2 орын иеленді.
Республикалық «Ұлы Жібек жолының жырлары» байқауына 25 оқушы қатысып жүлделі орындарды иеленді. Облыстық «Мақал сөздің мәйегі» жарысына 9 сынып оқушысы Жолдыбай Алтай қатысып «Талпыныс» жүлдесін жеңіп алып, ақшалай сыйлық иеленді.
Қазақстан Республикасы латын әліпбиіне көшуіне байланысты республика бойынша 40 мұғалім және жоғарғы сынып оқушылары диктант жазды.
Пәндік онкүндіктер өз уақытында жүргізіліп отырды.Күншуақ лагеріне мектебімізден 49 оқушы демалуда.Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау мақсатында әлеуетін күшейту.
Мектепке жол акциясында 20 оқушы киім мен оқу құралдарын алды.Ыстық тамақпен 60 оқушы тамақтанады, 20ауысым қоғамдық тамақпен 305тг 370 оқушы тамақтанды.
Барлық сыныптарда (1-11) оқу сабақтары 25 мамырда аяқталады. 2018-2019 оқу жылында ОЖСБ-4,9,11 сыныптар тапсырады.9 сынып оқушыларын негізгі орта білім курсы боыйнша қорытынды аттестаттау 2019 жылдың 27 мамыр- 6 маусым күндерінде өткізіледі. 11 сынып оқушылары жалпы орта білім курсы бойынша қорытынды аттестаттау 2019 жылдың 28мамыр – 30 маусым күндерінде өткізіледі. 10 сынып оқушылары сыныптан сыныпқа көшу емтихандары алынады.
15 оқушы өз өтініштері бойынша ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді.
Оқу бағдарламасын аяқтаған 25 мектеп бітірушілер туралы мектеп директоры Буканов Құранғали Айтақынұлы сөз алды. Өз сөзінде Қазақстан республикасында мектеп бітірушілердің көп қаражат жұмсамауына, қымбат киімдер мен қыдыру және мейрамханада тойлатпауы туралы бұйрық шыққанын атап өтті. Осы мәселе бойынша А.О.Сүлейменқызы осы шыққан бұйрықтың тиімділігін, ата-анасына салмақ салмауы туралы өз ойын білдіріп, қамқоршылық кеңестің мүшелері өз ойларымен бөлісті. Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ибраимов Талғат мектеп бітірушілердің сауық кештері туралы өз пікірін білдірді.
Ұсыныстар:
1.Шығармашыл, жеңімпаз оқушыларды жиі ақпараттық басылымдарға жиғ шығарылса.
2. Үйірме жұмыстары ақылы,ақысыз түрлері жүргізілгенін ұсынылды.
3.Оқушылар мен мектеп қызметкерлері ұялы телефондарды мектепте ұстамау туралы қаулы шығару.
Шешім:
1. Үшарал орта мектеп директорының 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстарының есебі негізінде , 2019-2020оқу жылында мектеп жұмысы жандандырылсын.
1. Оқушылар мен мектеп қызметкерлері ұялы телефондарды мектепте ұстамау туралы қаулы шығарылсын.
2.Үйірме жұмыстары ақылы,ақысыз түрлері жандандырылсын.

Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Ибраймов Т.
Хатшы: Туракан С.А.

Похожие публикации:

29 март 2019 Хаттама №3
16 март 2018 Хаттама №1
28 апрель 2017 ҰБТ туралы
05 март 2022 Мектеп туралы