Хаттама №3 » Үшарал орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
март
2019

Хаттама №3

«Үшарал орта мектебі бектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мекемесінде өткізілген қамқоршылық кеңес отырысының
№2 ХАТТАМАСЫ
Өткізілген күні:24.01.2019жыл
Қатысқандар:14
Барлығы:14
Күн тәртібі:
1.Мектеп директорының 1-жарты жылда атқарылған жұмыстар туралы мәліметі.
Буканов.Қ.А.
«Үшарал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекеменде 95 мұғалім қызмет атқаруда.1-деңгейлі мұғалім:2, 2-деңгейлі мұғалім:1-деңгейлі мұғалім:3.
2018-2019 оқу жылында ОЖСБ-4,9,11 сыныптар тапсырады.
Пән олимпиада есебі.Аудандық Абай оқуларынан, Орбұлақ оқуларынан 9 сынып оқушысы Жолдыбай Алтай бас жүлдені иеленіп облыстан алғыс хатпен марапатталды.Аудандық Әбіш Кекілбаев оқуларынан Жолыбай Алтай Бас жүлде, Жаңабай Гүлмарал Әбіш Кекілбаевтің шығармасының желісі бойынша сурет салудан бас жүлде иеленіп, облыстық байқауға жолдама алып,облыстан Алғыс хатпен марапатталды.Аудандық Мұқағали оқуларында 5а сынып оқушысы Нұрғли Бауыржан 3 орынмен марапатталды.
Қазақстан Республикасы латын әліпбиіне көшуіне байланысты республика бойынша 40 мғалім және жоғарғы сынып оқушылары диктант жазды.
Пәндік онкүндіктер өз уақытында жүргізіліп отырды.Күншуақ лагеріне мектебімізден 49 оқушы демалуда.Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау мақсатында әлеуетін күшейту.
Мектепке жол акциясында 20 оқушы киім мен оқу құралдарын алды.Ыстық тамақпен 60 оқушы тамақтанады, 20ауысым қоғамдық тамақпен 305тг 370 оқушы тамақтанады.Ата-анлардың қамқорлығынсыз қалған оқушылар
2.Үшарал ауылында грек рим күресі мен ережесіз жекпе жектің ұйымдастырылуы мен өткізілуі,оқушыларды жаттықтыруы туралы мектеп директоры Буканов Құрманғали Айтақынұлы сөз алды.Өз сөзінде грек рим күресі мен ережесіз жекпе жектің ұйымдастырылуы туралы айтып өтті.Осы мәселе бойынша директодың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С.Е.Емерғожаұлы мен А.О.Сүлейменқызы,қамқоршылар кеңес мүшелері өз ойларымен бөлісті.Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ибраимов Талғат спорттың ережесіз жекпе жек түріне өз пікірін білдірді.
Ұсыныстар:
1.Әр сыныпқа «Ана», «Әке» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілсе.
2.Үйірме жұмыстары ақылы,ақысыз түрлері жүргізілгенін ұсынылды.
3.Іс-шаралар жұмыстарының есебі ақпараттық басылымға шығарылып отырылса.
4. Оқушылар мен мектеп қызметкерлері ұялы телефондарды мектепте ұстамау туралы қаулы шығару.
Шешім:
1. Үшарал орта мектеп директорының 1-жарты жылда атқарылған жұмыстарының есебі негізінде , 2-жарты жылдықта мектеп жұмысы жандандырылсын.
1.Әр сыныпқа «Ана», «Әке» тақырыптарында тәрбие сағаттары ұйымдастырылсын.
2.Үйірме жұмыстары ақылы,ақысыз түрлері жандандырылсын.

Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Ибраймов Т.
Хатшы: Туракан С.А.
«Үшарал орта мектебі бектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мекемесінде өткізілген қамқоршылық кеңес отырысының
№1 ХАТТАМАСЫ
Өткізілген күні:22.11.2018жыл
Қатысқандар: 56
Күн тәртібі:
1. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
2. «Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін сайлау
3. Әр түрлі мәселелер

1.Тыңдалды: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.С.Айсаева сөйледі:
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.С.Айсаева жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырып өтті. Онда бірінші сұрақ бойынша сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27шілдедегі №355 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017жылғы 29 тамызда №15584 болып тіркеген хатын,«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9 тармағын, Талғар ауданының « Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы №5-Н бұйырығын басшылыққа ала отырып «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың туралы» ережесімен таныстырып, қамқоршылық кеңес мүшелерін ата-аналар арасынан сайлау, сайланған ата-аналар мектепке демеушілерді тартуы немесе ата-аналар тарапынан демеуші болуы керектігін де атап өтті.
Келесі кезекте мектептің әлеуметтік педагогы Ибадатова Мадина Айбекқызы сөз алып, қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы толық ақпарат берді. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы арту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.
А) Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
Ә) Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту.
Б) Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
В) Мектеп ұжымы жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
Г) Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау мақсатында әлеуетін күшейту.
Ғ) Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
Д) Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына, сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
2. Тыңдалды: ата-аналар сөз сөйледі
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыЕ.Е.Сұлтанов Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен Қамқоршылық кеңес төрағасы Ибраймов Талғат бірауыздан сайланды.


3. Тыңдалды: күн тәртібіндегі 3-ші мәселе бойынша мектеп бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы Біргебаева Бақытгүл қамқоршылық кеңесінің құрылғанын қолдап, сайланған кеңес мүшелерін құттықтап, ендігі жолда бірауыздан кеңес жұмысын дұрыс жүргізейік деп атап өтті. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе кеңес мүшелері төмендегідей шешім қабылданды.

Шешім:
Қамқоршылық кеңес мүшелерін бірауыздан сайлады. Олар:
Ибраймов Талғат-қамқоршылық кеңес төрағасы.
Әбілбекова Төлеухан- орынбасары.
Туракан Сандуғаш- хатшы.
Қамқоршылық кеңестің мүшелері:
-Біргебаева Бақытгүл, Яманбекова А,Сейдахметова К, Жақыпов А, Қоқымбекова Н,Абирова А,Белесбаева Т.
2. Жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға бірінші кезекте көмек беру ұйғарылды.



Хатшы: Ибадатова М.А.



Похожие публикации:

16 март 2018 Хаттама №2
16 март 2018 Хаттама №1
28 апрель 2017 ҰБТ туралы
05 март 2022 Мектеп туралы