«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді. » Үшарал орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді.
19
февраль
2024

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді.

Жетісу облысы Панфилов ауданы Үшарал орта мектебінің кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді. Акция Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылды. 
Акцияның мақсаты: кітапхананың кітап қорын әдеби кітаптармен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту. Оқушыларды рухани адамгершілікке баулу. 
Шараға мектеп оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер белсене қатысты. Қатысқан ұстаздар қауымы ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра-кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, оқушыларды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды. Белсенділік танытқан оқырмандарға алғысымызды айтамыз.