«Тәуелсіздік- алтын қазынам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды » Үшарал орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік- алтын қазынам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
15
декабрь
2023

«Тәуелсіздік- алтын қазынам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Жетісу облысы Панфилов ауданы Үшарал орта мектебінің мектеп кітапханасында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай «Тәуелсіздік- алтын қазынам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,   «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында оқырмандармен әңгіме өткізілді. Мақсаты: ел Тәуелсіздігінің мерекесіне байланысты оқырмандармен әңгімелесе отырып, оқушылардың бойына Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, елге, жерге құрметпен қарауға, патриоттық рухқа тәрбиелеу. Елін шексіз сүюге баулу, өз елінің жүріп өткен жолдарымен қысқаша таныстыру, осы мемлекеттің ұланы екенін мақтанышпен сезіне білуге бағыттау. Желтоқсан қаһармандарының ерліктерін үлгі қылып, тәуелсіздік ел ретінде жеткен жетістіктеріміз насихатталды. Оқырмандар өз ойларымен бөлісе отырып, тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болатынына сенетіндіктері айтылды.