Ата-аналарға - Үшарал орта мектебі https://usharal-panfilov.mektebi.kz/ ru Ата-аналарға - Үшарал орта мектебі DataLife Engine "Сенім арту-жетістік кепілі. Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз? https://usharal-panfilov.mektebi.kz/main/139-senm-artu-zhetstk-kepl-iyn-zhadajda-balany-alaj-oldajmyz.html https://usharal-panfilov.mektebi.kz/main/139-senm-artu-zhetstk-kepl-iyn-zhadajda-balany-alaj-oldajmyz.html ]]> Жетісу облысы Панфилов ауданы Үшарал орта мектебінде 14 наурыз күні ата - аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау бойынша 1-4-сынып оқушыларының ата - аналарына 4 “Ә” сыныбының жетекшісі Бабаханова Алуа Бақыткелдіқызының ұйымдастыруымен "Сенім арту-жетістік кепілі. Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз?" тақырыбында педагогикалық қолдау сабағы өткізілді.Мақсаты: ата-аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыру.Ата-аналар сабаққа белсенділікпен қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Ата-ана балаларың әр қашанда тірегі, қорғаны, ақылшысы, сырлас досы бола білу керектігі туралы айтылды.]]> admin Thu, 14 Mar 2024 08:17:27 +0600 Жаманға баспа жақсыдан қашпа https://usharal-panfilov.mektebi.kz/main/132-zhamana-baspa-zhasydan-ashpa.html https://usharal-panfilov.mektebi.kz/main/132-zhamana-baspa-zhasydan-ashpa.html ]]> Мақсаты:ата-аналарды балалардың Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыстың шарттарымен,әдістерімен таныстыру.Ата-аналар сабаққа белсенділікпен қатысып,өз ойларымен бөлісіп,көкейлерінде жүрген сұраққа жауап ала білді.Ата-аналарға балалардың психологиялық және физиологиялық жағынан интернеттің қауіптілігі туралы айтылды.
]]>
admin Thu, 22 Feb 2024 08:37:20 +0600
Ата аналарға Жадынама https://usharal-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/ata-analara-psiholog-kees/65-ata-analara-zhadynama.html https://usharal-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/ata-analara-psiholog-kees/65-ata-analara-zhadynama.html Құрметті ата – аналар!
Бұл жадынама Сіздерге арналған! Сіз балаңызға ең жақын адам ретінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылық пен жыныстық қолсұғуларға қарсы тұруына көмектесетін адам болып табыласыз.
Зорлық – зомбылықтың алдын алуға болады, тек ол үшін балаға «Жеті болмайды ережесін» қалыптастыруға көмектесіңіз:
1. Көшеде бейтаныс адаммен сөйлесуге және үйге кіргізуге болмайды;
2. Подъезд және лифтке бейтаныс адаммен кіруге болмайды. Басқа ересек адамды не әйел адамды күткен дұрыс;
3. Үлкендерсіз (ата – ана, мұғалім, ересек туысқандар) бөтен автокөлікке отыруға болмайды;
4. Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға және олардың үйіне шақыруын немесе басқа бір жерге барайық деген ұсынысын қабылдауға болмайды;
5. Далада жалғыз жүруге болмайды, әсіресе кешкілік уақытта;
6. Үйде ересек адамдар болмағанда үйдің есігін ашуға болмайды (бейтаныс адамның су сұрауы, телефонмен сөйлесуге рұқсат сұрауы, ата – анаға хат жазамын немесе құжат қалдырамын деуі мүмкін)
7. «Қатерлі топпен» байланыс жасауға болмайды (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б.), олар көршілер не алыс туыстар болған жағдайдың өзінде де.
Қауіп – қатер туған жағдайда өз – өзін осылай ұстау ұятты емес, қажетті екендігін түсіндіріңіз!
Жасөспірімге үнемі «ЖОҚ» деп жауап беруді үйретіңіз:
1. Егер балаңызға қонаққа кіруге немесе үйге дейін жеткізіп салайық деген ұсыныстарына, ол көрші болғанның өзінде де;
2. Егер үйде ата – ана болмаған кезде бейтаныс (нашар танитын) адам келіп үйге кіргізуін өтінсе;
3. Егер бейтаныс адам қажетті көшені көрсетіп жіберуді, сөмкесін көтерісуді немесе дүкенге дейін шығарып салуды сұраса;
4. Әлеуметтік желі арқылы танысып, кездесуге шақырса.
Жасөспірімдер келесі сөздер тізбегін жаттап алсын:
Рахмет, бірақ менің ата – анам бейтаныс адамдардың үйіне қонаққа баруға тыйым салады;
2. Кешіріңіз, бірақ мен ешқайда бармаймын;
3. Мені жайыма қалдырыңыз, болмаса мен айқайлаймын.

Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі!

Қазіргі уақытта Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мен шынайы өмірдегі қауіпсіздік ережелері өзара тығыз байланысты!
Баланың қалыпты дамуына экстремистік сайттар, есірткілер, порнография және т. с. с. туралы ашық ақпараттар қауіп төндіреді. Ғаламтор қойнауы адамгершілік құндылықтармен қатар, қаржылық – зиянды бағдарламалар: құрттар, вирустар, «қоңырау шалулар» тәрізді қауіптерге душар етуде.
Өз балаларыңыздың Ғаламтор желісінде еркін жүзуіне жол жібермеңіздер: Ғаламторға қол жеткізуді бақылау қажет, тыйым салынған сайттарға шығуды, экстремизм, деструктивті діни ағымдар, құмар ойындар, нашақорлық және т. б. насихаттаушы қауіпті ресурстарды шектеу керек. Компьютердің, планшеттер мен смартфондардың браузерлеріндегі сайттарға кіру тарихын үнемі қадағалап қарап отыруға кеңес береміз, әсіресе, Сіздің балаңыз тіркелген YouTube каналына назар аударыңыздар.
Сіздің балаңыздың «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар.
Қаперіңізде жүрсін. Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. Көптеген чаттар мен форумдарда бейресми түрде қарым - қатынас жасауға мүмкіндік бар. Балаңыздың бейресми түрде таныс емес адамдармен қарым - қатынас жасамауын талап етіңіз.
Құрметті ата - аналар, тыйым салынған сайттарды пайдалануды шектеу мен тыйым салу бойынша шараларды іске асырыңыз, жеке компьютерлерге, ноутбуктер, планшеттер мен смартфондарға «Ата - ана бақылауы» сервисін қоюға кеңес береміз.
]]>
admin Wed, 21 Sep 2022 12:38:43 +0600
Ата аналар жиналысының хаттамалары https://usharal-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/61-ata-analar-zhinalysyny-hattamalary.html https://usharal-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/61-ata-analar-zhinalysyny-hattamalary.html

]]>
admin Mon, 25 Apr 2022 10:55:38 +0600
Ата аналар жиналысының жұмыс жоспары https://usharal-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/ata-analar-komitetn-zhospary/60-ata-analar-zhinalysyny-zhmys-zhospary.html https://usharal-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/ata-analar-komitetn-zhospary/60-ata-analar-zhinalysyny-zhmys-zhospary.html admin Mon, 25 Apr 2022 10:54:49 +0600 Ата - аналарға https://usharal-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/14-ata-analara.html https://usharal-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/habarlandyr-zhinalys-hattamalary/14-ata-analara.html




]]>





]]>
admin Fri, 28 Apr 2017 05:08:37 +0600