"Балдәурен"шағын орталығында күз мезгіліне байланысты "Берекелі алтын күз"атты ертеңгілік өткізілді. » Үшарал орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Үшарал орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Балдәурен"шағын орталығында күз мезгіліне байланысты "Берекелі алтын күз"атты ертеңгілік өткізілді.
13
ноябрь
2023

"Балдәурен"шағын орталығында күз мезгіліне байланысты "Берекелі алтын күз"атты ертеңгілік өткізілді.

Жетісу облысы Панфилов ауданы Үшарал орта мектебі "Балдәурен"шағын орталығында күз мезгіліне байланысты "Берекелі алтын күз"атты ертеңгілік өткізілді. Ата-аналармен бірлесе отырып, күзгі өнімдерден, әртүрлі жемістерден көрме ұйымдастырылды .
Мақсаты: Бүлдіршіндерге күз мезгілі туралы түсінік беріп, күзгі табиғат ерекшеліктермен   таныстыру. Сөздік қорларын молайту, бірлікке ,достыққа тәрбиелеу. 
Ертеңгілік соңында мектеп басшысы Ұлмекен Базарханқызы сөз алып бүлдіршіндердің күз мезгіліне арнаған жыр-шумақтарын, көрсеткен өнерлері жақсы деңгейде өткені туралы айтып,тәрбиешілер мен ата-аналарға алғысын білдірді.
Ата-аналар тарапынан өз пікірлерін Құмарбеков Баттал, Кенжебаев Маулен ағаларымыз немерелерінің өнеріне риза болуымен білдіріп, шағын орталық ұжымына шығармашылық табыс тілейтіндіктерін жеткізді.