"Сырлы жеңге-сұлу қыз" » Үшарал орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сырлы жеңге-сұлу қыз"
05
март
2024

"Сырлы жеңге-сұлу қыз"

Панфилов ауданы Үшарал ауылы Үшарал орта мектебінде 04.03.2024 күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай жастар ұйымының ұйымдастыруымен 7,8,10 сыныптар аралығында "Сырлы жеңге-сұлу қыз" атты жеңгелер мен қайын сіңлілер сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, 
 туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу. 
Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым - қатынасты нығайту. 
Сайысқа қатысушы жұптар жүлделі орындармен және әртүрлі номинациялармен марапатталды.